
«Чек талап ет те - жүлдені ұтып ал!» акциясы аясында 210 мыңнан аса чек жіберілді
Қазіргі уақытта жеңімпаз болып 1 мыңнан аса адам аталды. Олар 5000 дейінгі сыйақыға ие болды.
МКК «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» ақциясын жалғастыруда.
Ағымдағы жылғы 21 тамыздан 18 қарашаға дейінгі кезеңде акцияға 14 мын пайдаланушы қатысқан, олар 304 336 чек жолдаған. Акцияға Алматы облысының 1406 тұрғыны қатысты, барлығы 28699 чек жіберілді. Акция қорытындысы бойынша облыс тұрғындарынан 40-тан астам жеңімпаз анықталды.
Акция жалғасуда! Бас жүлде – автокөлік!!!
Акцияға қатысу үшін онлайн БКМ чектерін қабылдау ағымдағы жылғы 21 тамыздан 30 қарашаға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатынын еске саламыз.Акцияға онлайн-БКМ фискальды чегінің деректерін ұсыну жолымен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сатып алуын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жөнелткеннен кейін қатысушыда 5000 теңгеге дейін өз теңгеріміне қаражат ұтып алу мүмкіндігі болады. Жедел жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық жөнелтілген чектер акцияның бас жүлде ұтысы – автомобильде қатысады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чегін бермеген жағдайда, азаматтар осы бұзушылықтарға бейне материалдарды қоса бере отырып шағым жөнелтуі мүмкін.
Айта кетейік, акция азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыруға бағытталған.