Date of publication: 18.11.2019 17:38
Date of changing: 18.11.2019 17:45

 

«Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі СЭҚ қатысушылар назарына!

 «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабына және «Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №200 Бұйрығының 2-Қосымшасына сәйкес «Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметін алу үшін Талдықорған  қаласы Жансүгіров көшесі 113 мекенжайында орналасқан Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тиісінше өтінішпен жүгіну арқылы алуға болатынын хабарлаймыз, телефон 8 (7282), 60-11-31, 60-11-40.

     Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кеден органы тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш иесі) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініші негізінде қабылдайды.

      Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тауардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын (тауар белгісін), негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамаларын және тауарды біржақты сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты, сондай-ақ тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәліметті қамтуға тиіс.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі.