Date of publication: 18.11.2019 15:39
Date of changing: 18.11.2019 15:39

Тауарлардың электрондық саудасы

 

Тауарлармен электрондық сауда – бұл интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды сату бойынша кәсіпкерлік қызмет.:

- тауарларды сату бойынша мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылады;

- Тауарлар үшін төлем Қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі;

- сатып алушыға (алушыға) тауарларды жеткізудің жеке қызметінің болуы не жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді, курьерлік және (немесе) почта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарттардың болуы.

Салық кодексінің 88 бабының 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес тауарлардың электрондық саудасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылуға жатады.

Бұл ретте жекелеген қызмет түрлерін – тауарлармен электрондық сауда жасауды жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде жүргізіледі.

Кейіннен "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры арқылы электрондық түрде хабарлама беру мүмкіндігі пайда болады.

Салық кодексінің 293-бабының 3-тармағына сәйкес тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші Салық кодексінің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Салық кодексінің 28-бабының 3-тармағына сәйкес тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтер береді.