
Алматы облысы бойынша МКД салық заңнамасының өзгерістері бойынша «Патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн БКМ қолдану» тақырыбында семинар өткізді
2019 жылдың 13 қарашасында Талдықорған қаласының «Open space Taldyqorgan» ғимаратында салық төлеушілерге арналған «Патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн БКМ қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Талдықорған қаласы, Текелі қаласы, Ескелді ауданы, Көксу ауданы, Қаратал ауданының салық төлеушілері қатысты.
Алматы облысы бойынша МКД басшысы Т.К.Сарсембаев кіріспе сөзді бастап, семинар тақырыбын айтып, патенттен басқа салық режиміне көшу және онлайн БКМ қолдану мәселелерінің өзектілігін атап өтті.
Модератор болып Департаменттен Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы А.Т. Байкаш жүргізді.
«Патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн БКМ қолдану» қолдану тақырыбында Департаменттің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы А.Б.Болат баяндады.
Сонымен қатар жиында жалпыға бірдей декларациялау (Бибатырова М.), жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жергілікті салықтарды өндіріп алу бойынша Департаменттің жүргізіп жатқан жұмысы (Әбілмәжінов А.А.), ЭШФ жазып беру тәртібі (Бұрұмбаев А.С.), шағын және орта бизнес субъектілері түшін салықтық рақымшылық жүргізу туралы сұрақтар талқыланды.
Негізігі өзгерістер – патенттен басқа салық режиміне көшу және онлайн БКМ қолдану.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану жөніндегі талаптарды өзгерту бөлігінде салық кодексінің нормалары күшіне енеді.
Өзгерістер неде?
Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет түрлерінің шектеулі тізбесі енгізіледі (32 түрі), оларды жүзеге асыру кезінде патентті қолдану құқығы сақталады.
Алматы облысының аумағында 125 826 жеке кәсіпкер тіркелген, оның ішінде патент негізінде 30 643 салық төлеуші арнаулы салық режимін қолданады, бұл жалпы санның 24-% құрайды. 30 643 патенщиктен 16 483 ЖК(53-%) сауда саласында қызмет атқарады.
Қызмет түрі рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген салық төлеушілер салық салудың көрсетілген режимдерінің біріне көшуі керек:
-оңайлатылған декларация негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимі;
-салық салудың жалпы белгіленген тәртібі.
Басқа арнайы салық режимдеріне көшу үшін не істеу керек?
Қазір патент режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге патенттен басқа салық режимдеріне көшу үшін қазір салық салу режимін таңдау туралы қамқорлық жасау және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз тасығышта қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама жіберу қажет.
Сонымен бірге, мұндай жеке кәсіпкерлер үшін тиісті тіркеу үшін хабарламада салықтың таңдалған режимі көрсетілуі керек, ал себеп ретінде – міндетті түрде күнін көрсете отырып, патентті қолдану шарттарының сақталмауы – 2020 жылдың 1 қаңтары.
Көрсетілген хабарлама 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушілерді тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ғана аударуға міндетті болады, одан шағын бизнес үшін басқа арнайы салық режимдеріне бір жылдан кейін ғана көшу мүмкін болады.
Кәсіпкерлер өтетін басқа да АСР қолданудың артықшылықтары.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан онлайн БКМ-ға толық көшу жоспарлануда.
Салық кодексіне сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн БКМ қолдану бойынша міндеттемелер патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге және бірыңғай жер салығын төлеушілерге қолданылады.
БКМ-ды қолдану тәртібі салық кодексінің 166-бабында реттеледі.
Салық кодексінің Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолданумен жүзеге асырылады.
Онлайн-БКМ қолдану бойынша талаптар жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ аумақтарда жұмыс істейтін салық төлеушілерге қолданылмайды.