Date of publication: 14.11.2019 12:30
Date of changing: 14.11.2019 12:31

"Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде ақпараттық тасымалдаушылар мен гаджеттердің ірі партиясын ұстады

 

         11.11.2019 жылы "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б және Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп ҚХР-дан ҚР-ға шығу кезінде ұсталды және тәркіленді:

         - Темекі бұйымдары, атап айтқанда, "Cavallo" маркалы сигареттер саны 80 блок (16 000 дана сигарет), "Mond" маркалы сигареттер саны 90 блок (18 000 дана сигарет) және "Milano" маркалы сигареттер саны 575 блок (115 000 дана сигарет). Ұсталған темекі өнімдерінің жалпы саны 103 кг, жалпы салмағы 745 блокты (149 000 дана темекі) құрады.

         - Жалпы салмағы 16 кг 148 дана түрлі модельдер мен маркалы ұялы телефондар.

         - USB жинақтағыш "Флешка" саны 6 245 дана, жалпы салмағы 87,43 кг, оның ішінде;

         1. 1ГБ-1520 дана,

         2. 2ГБ-1480 дана,

         3. 4ГБ-995 дана,

         4. 8ГБ-1000 дана,

         5. 16ГБ-1000 дана,

         6. 32ГБ-250 дана.

         - Жалпы салмағы 13,68 кг 199 дана GSM модуліне микросхемалар.

         - 42 дана бейнетіркегіштер, жалпы салмағы 25 кг.

         - Жалпы салмағы 112,5 кг болатын қытай дәрі-дәрмектері.

         Қазіргі уақытта ұсталған тауар УСҚ-ға орналастырылды, тауардың кедендік құны анықталып, істің барлық жағдайы анықталуда, одан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 

Алматы облысы бойынша МКД