
Мемлекеттік қызмет порталын пайдаланудың басты артықшылықтары
- тәулік бойы қол жетімділігі (тәулік уақытына, мереке және демалыс күндеріне қарамастан, кез келген уақытта мемлекеттік қызметтерді ұсыну туралы өтініш беру);
- қызметті кез келген электрондық құрылғыны (компьютер, планшет, ұялы телефон) пайдалана отырып, Интернет желісі арқылы сізге ыңғайлы кез келген жерден алу;
- жазбаша растауды күтудің қажеті жоқ;
- есептік құжаттардың бланкілерін сатып алуға жұмыс уақытын, сондай-ақ ақшалай қаражатты үнемдеу;
- кезектердің болмауы;
- жедел ақпараттандыру;
- қолдау қызметінің болуы;
- есептілікті жеткізуді растау;
- сыбайлас жемқорлықтың болмауы, себебі өтініш беруші қызметті алу үшін тікелей ведомствоға өтініш білдірмейді;
- өтінішті өңдеу бойынша жұмыстың әрбір кезеңінде ақпараттандыру;
- бланкілерді толтыру кезінде қателерді болдырмау;
қызметті алудың тіркелген мерзімі.