
"Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде белгіленген нысанда декларацияланбаған ақша қаражатын ұстады
2019 жылдың 05 қарашасында Алматы облысы бойынша МКД "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б қызметкерлерімен бірлесіп "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде ҚР-дан ҚХР-ға шығу кезінде қол жүгінде белгіленген нысанда декларацияланбаған 189 200теңге және 77 700 қытай юані ақша қаражатын алып өтпек болған(05.11.2019 жылғы ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамының жағдайы бойынша жалпы сомма 11 544 АҚШ долларын құрады).
Қазіргі уақытта кінәлі тұлға ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге саламыз, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз қолма-қол шетел және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін жалпы сомадағы 10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын әкелуге немесе әкетуге құқылы.
10 мың АҚШ долларынан асатын сома, ЕАЭО елдері кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда, міндетті кедендік декларациялауға жатады.
Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, барлық сомаға жазбаша нысанда кедендік декларацияны беру арқылы жүзеге асырылады.
Алматы облысы бойынша МКД