
Салықтық рақымшылық
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енді.
Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылдың 01 қазаны жағдайына 5 176,0 млн. теңге салық берешегі бар 9 608 шағын және орта бизнес субъектілері салықтық рақымшылыққа жатады. Есептен шығарылатын өсімпұлдардың жалпы сомасы - 1 507,9 млн. теңге, айыппұлдар - 102,7 млн. теңге, ол 3 565,4 млн. теңге сомасында негізгі қарызды төлеу шартында есептен шығарылады.
2019 жылдың 1 қарашасы жағдайы бойынша 6 057 салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдайына жалпы сомасы 463,9 млн. теңге бересіні өтеп, 125,1 млн.теңге сомасына өсімпұлдар және 22,0 млн. теңге айыппұлдар есептен шығарылды.
Сондай-ақ, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары салық төлеушілермен негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылатындығы туралы тұрақты түрде сұхбат жүргізеді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-1 бабының нормаларын түсіндіреді.