Date of publication: 04.11.2019 17:05
Date of changing: 04.11.2019 17:11

 

            Алакөл аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен «Есептік-кассалық есеп айырысуларда деректерді жазу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды кезең-кезеңімен енгізу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға басқарма басшысы Н.Е.Джарманов, басқарма басшысының орынбасары  Л.К. Жанболатова, салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Д.Н. Рафиков және Алакөл ауданының салық төлеушілері қатысты. Семинар барысында салық төлеушілердің онлайн режиміндегі БKM-ға кезең-кезеңімен көшу тәртібі түсіндірілді, атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашық сауда базарлары аумағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес үшін арнайы салық режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер, ал 2020 жылдан бастап БКМ-ны қолдану міндеті патент бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін де пайда болады. Қазақстан Республикасының заңнамасында бұл талап міндетті түрде анықталған адамдарға БКM пайдаланудан жалтару жауапқа тартылады.