
Субсидиарлық жауапкершілік туралы
Қазақстан Республикасы "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурызындағы Заңы бойынша борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары субсидиарлық жауапкершілікке тартылуы мүмкіндігін қарастырады.
ҚР АК 44 бабының 3 тармағына сәйкес егер заңды тұлғаның әдейі банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) және (немесе) лауазымды адамның әрекеттерiнен (әрекетсіздігінен) туындаған болса, онда заңды тұлғаның қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында субсидиярлық жауаптылықта болады.
Субсидиарлық жауапкершілік азаматтық құқық түрі, санкцияларда айтылғандай құқық бұзушылық үшін субъективті азаматтық құқықтарынан айыру,жаңа жүктеу немесе қосымша азаматтық құқықтың міндеттері деп түсіндіріледі.
ҚР АК 357 бабына сәйкес субсидиарлық жауапкершілік жәбірленуші алдында қосымша борышкер негізгі борышкер несие берушінің қалауын орындамаған кезде немесе несие беруші одан көрсетілген мерзімде ұсыныс бойынша талаптар орындамлмаған кезде деп түсіндірілерді.
«Оңалту және банкроттық туралы» Заңы 6 баптың 1 тармағына сәйкес құрылтайшы және борышкердің лауазымды тұлғалары несие берушілердің алдында дәрменсіз борышкерге тиісті мүлікті әдейі банкрот десе субсидиарлық жауапкершілікке тартылады.
Бұл жағдайда мәселе сол немесе өзге адамдардың іс-әрекеттерін әдейі немесе жалған банкроттық белгілерін анықтау туралы.Бұндай жағдайда банкроттық басқарушы құқық қорғау органдарына ЖШС-нің қылмыстық жазаланған іс-әрекеттері туралы арыз жазу керек.
Бұл жауапкершілік нысанын азаматтық айналымның компенсациялық сипаты және несие берушінің мүдделерін қорғауға бағытталған.