Date of publication: 31.10.2019 18:05
Date of changing: 31.10.2019 18:08

Ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну ережелері

Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға іліспе жүкқұжаттарын рәсімдеу, өткізу және (немесе) жөнелту және (немесе) алкоголь өнімін ішкі тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, алкоголь өнімдерін қайтару кезінде этил спирті мен алкоголь өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі - ІЖ) міндетті түрде рәсімдеу керек.

Ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну ережесі Қазақстан Республикасының  Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы  № 35 бұйрығымен   бекітілген

Осы ереже «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес бекітілген.

ІЖ «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі - Бағдарлама) интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде рәсімделеді.

Бағдарлама этил спирті мен алкоголь өнімдерінің айналымы саласында сату және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның  интернет-ресурсында (web-порталы) орналастырылады.

ІЖ-ді алушылар ІЖ және этил спирті мен алкоголь өнімдерін алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе одан Бағдарламада ІЖ-ді рәсімдеген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартылады.  Бағдарламада ІЖ-дің растауы алушымен этил спирті мен алкоголь өнімдерді алғаннан кейін және ІЖ-де көрсетілген деректермен алшақтық болмаса жүзеге асырылады.
  Ереже бойынша  белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп рәсімделген ІЖ-ді Өнім беруші осындай  ІЖ рәсімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиісті.
   Өнім берушілер мен Алушылардың  ІЖ түпнұсқасын жоғалтуына және бүлдіруіне жол берілмейді.

Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымы бойынша  Қазақстан Республикасының  заңдары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 282 бабымен жауапкершілік қаралғанын ескертеміз.