Date of publication: 31.10.2019 17:38
Date of changing: 31.10.2019 17:52

Үшқұрамдастырылған интеграцияланған жүйе

Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса  машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үшқұрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

ҮИЖ( бұдан әрі Үшқұрамдасты Интеграцияланған Жүйе)  және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, орнату және қолдану тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.

Казіргі уақытта, үшқұрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қырқүйектегі № 953 бұйрығымен (бұдан әрі -Бұйрық)  бекітілген (көшірмесі қоса беріледі).

Кәсіпкерлік қызметтің барлық объектілері бойынша бірыңғай есепке алуды жүргізу мақсатында сауда, қызмет көрсету, жұмыстарды атқару мен тауарларды есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйесінің ҮИЖ басқа құрамдастарының кез келген санымен (бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелердің (құрылғылардың) интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының территориясында рұқсат етілген ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ модельдері, Комитеттің сайтында тіркелген.

Осы мақсатта, ҮИЖ меншік иесі өтініш, талаптармен белгіленген құжаттар мен ҮИЖ тестілеу үшін тапсыру қажет.        

Бұдан басқа, ҮИЖ пайдаланушысы (патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкер) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ тіркеуге қоюға міндетті және салықтық есептілікте олар бойынша мәліметтерді көрсетуге тиіс.

Салық кодексінің жоғарыда баяндалған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер ҚҚС бойынша тіркеуге тұру үшін ұлғайтылған шектерді және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін шекті табысты қолдануға құқығы жоқ.