Date of publication: 29.10.2019 18:07
Date of changing: 29.10.2019 18:09

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу

 

"Электрондық үкімет" порталы www.egov.kz - бұл мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ұсынатын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ең қажетті ақпаратты алу үшін қолжетімділіктің бірыңғай нүктесін қамтамасыз ететін интерактивті веб-портал.

Портал халыққа және кәсіпкерлерге Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдету мақсатында құрылған. Портал мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге және азаматтың мемлекеттік органдармен тікелей және кері өзара іс-қимылын белгілеуге арналған.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жүгіну рәсімін жеңілдету мақсатында көптеген мемлекеттік қызметтер бойынша "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы электрондық өтінім беру арқылы өтініштер беру қарастырылған. Бұл электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар функция барлық азаматтарға қолжетімді.