Date of publication: 29.10.2019 17:47
Date of changing: 29.10.2019 17:48

Онлайн-БКМ енгізу мәселелері бойынша "Ашық есік күні" өтті

 

2019 жылғы 28 қазанда жалпы республикалық акция аясында онлайн-БКМ енгізу мәселелері бойынша "Ашық есік күні" өтті.  Еңбекшіқазақ ауданында Шелек ауылындағы "Салтанат" және "Алма" сауда үйлерінде және Есік қаласында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ операциялық залында "Ашық есік күні" өткізілді. Қапшағай қаласындағы "Алға" базарында, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылындағы орталық базарда, Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылындағы "Ырыс" сауда үйінде өтті. Ұзынағаш, Нарынқол, Кеген ауылдарында және Текелі қаласында "Ашық есік күні" Мемлекеттік кірістер баскармаларының ғимаратында өтті.

Іс-шараға аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері, техникалық қызмет көрсету орталықтары, онлайн БКМ өндірушілері мен әзірлеушілері, "Атамекен" ҰКП өкілдері, фискалдық деректер операторлары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Техникалық қызмет көрсету орталықтарының өкілдері халыққа деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды сатып алу және қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес берді. Оларда бар кассалық аппараттардың модельдерін көрсетті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық кәсіпкерлері ақшалай есеп айырысу кезінде деректерді онлайн бере отырып, бақылау-кассалық машиналарын қолдануға міндетті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін БКМ онлайн көшуді патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер және 01.01.2020 жылдан бастап БКМ онлайн көшуге міндетті шаруа қожалықтары жүзеге асырады.

Бұл талаптар желі жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қолданылмайды.