Date of publication: 29.10.2019 14:50
Date of changing: 29.10.2019 14:52

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды ынталандыру және деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдану үшін ынталандыру

 

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңымен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл өзгерістер мен толықтырулар қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуды ынталандыру және деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын не үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану мақсатында енгізілді.

Мысалы, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығын (ЖТС) 60 000 теңге сомасына, бірақ 2019 жыл ішінде есептелген салық сомасынан 50% - дан аспайтын сомаға 2019 жыл ішінде сатып алынған деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір БКМ құнына немесе 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде үш компонентті интеграцияланған жүйенің құнына азайтуға құқылы.

Бұл ретте үш компонентті интеграцияланған жүйе бойынша ЖТС азайту осындай үш компонентті интеграцияланған жүйе орнатылған салық кезеңі үшін, сондай-ақ осындай сатып алудың салық кезеңінен кейінгі салық кезеңі үшін жүргізіледі.

Бұдан басқа, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК үшін қолма - қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында үш компонентті интеграцияланған ақпараттық жүйені міндетті түрде қолдана отырып жасалған қолма-қол ақшасыз айналымды 114 184 АЕК мөлшерінде ҚҚС бойынша табалдырыққа, сондай-ақ жарты жылдықта оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін шекті табысқа-70 048 АЕК көлемінде енгізбеу көзделген.

Үш компонентті интеграцияланған жүйе - бұл деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы), сондай-ақ сауданы, Қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жабдықталған жабдық (құрылғы) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органның сұрау салуы бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары бойынша мәліметтерді салық төлеушілер бойынша ұсынуға міндетті.

Салық төлеушілердің санаттары мен тізімін, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілейді.

910.00 және 911.00 СЕН-на деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ орнату туралы деректерді көрсету бойынша немесе үш компонентті интеграцияланған жүйе және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы алынған кірістер бойынша толықтырулар енгізілді.