Date of publication: 28.10.2019 19:38
Date of changing: 28.10.2019 19:38

2018 жылғы 28 қазанда Алматы облысының барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында Ашық есік күні өткізілді

 

2019 жылғы 28 қазанда Алматы облысының барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында онлайн БКМ қолдану мәселелері бойынша Ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күні тікелей сауда үйлері мен базарларда, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында өткізілді.

Қарасай ауданында "Достар" базарында және Қарасай ауданы бойынша МКБ операциялық залында, Панфилов ауданы бойынша МКБ Жаркент қаласының «Береке» базарының кәсіпкерлері арасында Ашық есік күні өткізілді.

Балқаш аудандық МКБ және Көксу аудандық МКБ операциялық орталық залдарында "Ашық есік күнін" өткізді.

Іс-шараға техникалық қызмет көрсету орталықтарының өкілдері қатысты.

Ашық есік күні барысында кәсіпкерлер деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды сатып алу және қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық салық төлеушілерге, соның ішінде патент негізінде арнайы салық режимін және бірыңғай жер салығы негізінде АСР пайдаланатын салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдарында онлайн БКМ-ды тіркеу және орнату қажет.