
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ТҚКО, онлайн БКМ өндірушілері мен әзірлеушілері, "Атамекен" ҰКП өкілдері, фискалдық деректер операторлары, базарларда және сауда объектілерінде онлайн БКМ енгізу мәселелері бойынша жаппай – түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен штаб құрды.
Департамент Алматы облысының аумағында орналасқан базарларда және сауда объектілерінде онлайн БКМ енгізу мәселелері бойынша бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жоспар-кестесін бекітті.
Базарларда және сауда объектілерінде жаппай-түсіндіру жұмыстары жергілікті жерлерге барып жүргізіледі.