
Ұйғыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғалардан көлік құралдары салығы бойынша салық берешегін өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді
Ұйғыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бас маман К. Шавдиновтың және жеке сот орындаушысы Р. Т. Мурсалимованың, Ұйғыр ауданы бойынша прокурордың көмекшісі Ж. Асқар, Ұйғыр ПБ-нің лейтенанты А. Данияр қатысуымен жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық бойынша салық берешегін өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Іс-шаралар нәтижесі бойынша 15 жеке тұлғаға 498 мың теңге сомасына салық берешегі туралы хабарлама беріліп, хабарлама орындалмаған жағдайда одан әрі жауапкершілік туралы ескерту жасалды. Іс-шаралар барысында 5 жеке тұлғаның бюджетке 156 мың теңге берешегі өтелді.































