
Қазақстандықтар салықтар бойынша борыштарын төлемеушілердің тізімін жарияланғаннан кейін өтеді
Салықтар бойынша өз қарыздарын төлеген 8 адамның өтелген берешектің жалпы сомасы 10 512 137 теңгені құрады (бересі – 5 480 181 теңге, өсімпұл – 5 031 956 теңге). Мемлекеттік кірістер комитеті бұрын салық бойынша ірі берешегі бар қазақстандықтардың тізімін жариялады, олардың санын 100 салық төлеуші құрады. Олар мемлекетке жалпы сомасы 286 019 395 теңге қарыз. БАҚ-да ақпаратты жариялағаннан кейін олар өз қарыздарын өтей бастады, деп МКК-де жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Салықтың негізгі сомасын төлегендердің барлығы салық амнистиясын пайдалануға мүмкіндік алды. Олардың өсімақысы алынып тасталды. Мәселен, Нұр-сұлтан Дархан Рысбеков жер салығы бойынша 3 193 076 теңге көлемінде қарызды өтей отырып, 4 006 869 теңгені құрайтын өсімақыдан құтылды.
Сондай-ақ, Марат Давлетшин Қостанай облысынан салықтық рақымшылық жасауды пайдаланды: 408 399 теңге сомасында көлік салығы бойынша берешегі (БЖК 104402) төленген соң оған 421 399 теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды, - деп айтты комитетте.
Салықтар бойынша қарыздарын төлеген 8 адамының өтелген берешектің жалпы сомасы 10 512 137 теңгені құрады (бересі – 5 480 181 теңге, өсімпұл – 5 031 956 теңге).
Салықтар бойынша әлі де қарызы бар борышкерлердің толық тізімі мынадай сілтемелер бойынша қолжетімді:
https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pr_-_100_zadolzhnikov_spisok.docx
https://kgd.gov.kz/sites/default/files/dolzhniki_krup_summy_2.xlsx
Мемлекеттік кірістер органдары жақын арада заңды тұлғалар арасында салық бойынша қарыздардың тізімін жариялауды жоспарлап отыр.
Жалпы, бүгінгі таңда салық рақымшылығын Қазақстан бойынша 370 970 адам пайдаланды. Олар 8 млрд 737 млн 600 мың теңге төледі, оларға 1 млрд 700 млн теңге сомасында өсімпұл есептен шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жыл соңына дейін салықтық рақымшылық жасалады. Оның шарттары бойынша 31 желтоқсанға дейін негізгі қарызды төлеген азаматтарға есептелген өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.
Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігін тікелей сілтеме арқылы біле алады: https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web