
Келесі жылдан бастап сауда қызметін жүзеге асыратын арнаулы салық режимі потент негізінде ЖК қолдана алмайды
Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2019 жылдың 21 қазан Талғар ауданындағы «Тәуіп», «Техстрой», «Наргиз», «Верный» базарларында салық төлеушілермен кездесулер өткізіп, патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқығы бар қызмет түрлері қысқаруына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
1 қаңтардан бастап салық төлеушілерге патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқығы бар қызмет түрлері қысқартылды.
Заңнамаға сәйкес 2020 жылдан бастап патент негізінде арнайы салық режимін сылақ жұмыстары, ағаш және ағаш ұстасы жұмыстары, сырлау және шыны жұмыстары, такси қызметі, автомобиль көлігімен жүк тасымалы, сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару және басқалар сияқты белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер қолдана алады.
Оңайлатылған декларация негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимдеріне көшу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсыну қажет.
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсынылмаған жағдайда дара кәсіпкер салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне аударуға жатады.
Сондай-ақ, осы санаттағы кәсіпкерлер онлайн режиміндегі KKM тіркеуден өтуі керек екенін хабарлаймыз, өйткені 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн режиміндегі KKM қолданудан босату алынып тасталады.