Date of publication: 17.10.2019 14:40
Date of changing: 17.10.2019 14:40

Мемлекеттік қызметті және салық органының ЭЦҚ қысқарту туралы

         Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті СЕӨЖ (салық есептілігін өңдеу жүйесі) АЖ (ақпараттық жүйе) – "Салықтық есептілік нысандарын электронды түрде ERP-жүйелерден ұсынуға арналған ашық API-интерфейс" жаңа электрондық сервисі іске қосылғанын хабарлайды.
         Салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API-сервис ҚР ҚМ МКК АЖ салық есептілігі нысандарын ұсынудың балама тәсілі болып табылады.

         Бұл жаңашылдық www.kgd.gov.kz. сайтының мүмкіндіктері арқылы салық есептілігін ұсынатын салық төлеушілердің ағымын жеңілдетуге арналған.

         Осы сервиске ERP-жүйелерді қосу үшін салық төлеушінің ақпараттық жүйесін "салық есептілігін өңдеу жүйесі" АЖ – мен интеграциялау жөнінде Келісім (Бұдан әрі-келісім) жасасу қажет.

         Келісім жобасы, сондай-ақ ұсынылатын API-сервис форматтары мен схемаларының сипаттамасы ҚР ҚМ МКК порталында api.service мекенжайы бойынша орналасқан.
         Сонымен қатар, "электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде бизнес-процесті оңтайландыру шеңберінде Ұлттық куәландырушы орталықтың (ҰКО) ЭЦҚ қолдануға және пайдалануға көшу жолымен мемлекеттік қызметті қысқарту ұсынылды.     Мемлекеттік қызметті қысқарту бірнеше уәкілетті органдардың  функцияларының қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді (ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті).
         Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Кодексінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"(Салық кодексі) 74-бабының 3-тармағына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушіні тіркеу есебі құрамында есепке алу электрондық салық төлеуші ретінде, салық органының ЭЦҚ-сы нәтижесінде беріледі.

         Алматы облысы бойынша МКД-да 01.01.2020 жылға дейін заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін берілген "расында" мәртебесі бар салық органының қолданыстағы ЭЦҚ саны 47 314 құрайды.

         Осыған байланысты, Алматы облысы бойынша МКД ҰКО ЭЦҚ-ны қолдану мен пайдалануға тиісті және уақтылы көшу туралы еске салады.

         СЕӨЖ АЖ жаңа электрондық сервисін пайдалануға қатысты анықтамалық ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша, сондай-ақ Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасына, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 113, хабарласуға болады. Анықтама телефондары:60-11-22, 60-11-21, 60-11-18, каб.: 306,307,321.