Date of publication: 16.10.2019 18:14
Date of changing: 16.10.2019 18:15

«Қорғас» ШЫХО-да  10 000 000 теңгеден астам сомада бағалы құндыз тондардың ірі көлемде партиясы ұсталды

                                                               

         2019 жылдың 16 қазанында "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Қорғас" ШЫХО қызметкерлері ҚХР-дан ҚР-ға кіру кезінде белгіленген нысанда декларацияланбаған тері бұйымдарын, атап айтқанда, жалпы салмағы 89 кг болатын 50 дана табиғи теріден жасалған тондарды ұстап, тәркіледі.

         Алдын ала есеп бойынша ұсталған және тәркіленген тері бұйымдарының кедендік құны 10 162 806 теңгені, ал тиісті төленбеген кедендік баж 2 400 000 теңгені құрады.

          Қазіргі уақытта тері бұйымдары уақытша сақтау қоймасына орналастырылған, істің мән-жайы анықталуда, содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Алматы  облысы бойынша МКД