Date of publication: 14.10.2019 12:06
Date of changing: 14.10.2019 12:08

Автомобиль ұтысы өткізіледі!

Алакөл аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпы республикалық акцияның басталуы туралы хабарлайды. Акция 2019 жылдың 21 тамызынан бастап қараша айының 30-на дейін өтеді. Ұтыс жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Қаншалықты көп түбіртек жолданса, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де өсе түседі. Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы жүлделер ойнатылады, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.