
"Түбіртекті талап ет те - жүлдені ұтып ал!" акциясының шарттары "Тәуіп" базарында түсіндірілді
Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы учаскелік және қоғам өкілдерімен бірге 05.10.2019 ж. "Түбіртекті талап ет те - жүлдені ұтып ал!" акциясы бойынша "Тәуіп" орталық базарында түсіндіру іс-шараларын өткізді. Акцияның мақсаты халықтың азаматтық белсенділігін арттыру, тауар, қызмет, жұмыс тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Сондай-ақ көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту. Және бұл ретте бас жүлде – автокөлік сыйлығын ұтып алуға болады.
Акция Apple Appstore және Android Google Playmarket арқылы тегін көшіріп алуға болатын "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Акция қазіргі уақытта 2019ж. 30 қарашасына дейін өткізіледі. Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейін телефон теңгеріміне қаражат ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жүлде қоры - 3 000 000 теңге.
Фискалдық чек берілмеген жағдайда азаматтар шағымды бейне тіркеумен жібере алады.