Date of publication: 09.10.2019 17:59
Date of changing: 09.10.2019 18:00

Уәкілетті экономикалық операторлар

өз қызметіңде ашық болуы қажет

 

Уәкілетті экономикалық операторлар – бұл әкелінген тауарларды ресімдеу кезінде мемлекет тарапынан айқындалған жеңілдіктерді ұсыну жолымен (бірінші кезекте кедендік операциялар мен кедендік жеке тексерулерді жасау, декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару және т.б.) сенім көрсетілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушы.  Осы фактілерді ескере отырып, УЭО қызметі ашық және заңды болуы тиіс. УЭО-ға қойылған талаптардың бірі болып тауарларды есепке алу жүйелерінің бар болуы табылады, осы талап ЕАЭО-ның және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында жазылған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасын Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1030 бұйрығымен Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілді.

Көрсетілген бұйрық тауарларды есепке алу жүйелерінің сай болуын, қашықтықтан қол жеткізуді ұсынудың нақтыланған тәсілдерін, сондай-ақ тауарларды есепке алудың болуын және жүргізілу мәселелері бойынша тексеруді жүргізу тәртібінің негізгі талаптарын регламенттейді.

Уәклетті экономикалық оператордың тізіліміне енуге үміт еткен тұлғаның тауарларды есепке алу жүйелері мемлекетік кірістер органдарының қызметкерлері үшін қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Осы талаптар УЭО қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде заңды күшіне енеді.