Date of publication: 08.10.2019 17:43
Date of changing: 08.10.2019 18:10

Алматы облысы Талдықорған қаласының МКБ мәліметтерді жазу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдалану туралы салық заңнамасын түсіндіру, сондай-ақ «Түбіртекті талап ет те - жүлдені ұтып ал!» науқанында халықты белсенді ету мақсатында сауда үйлеріне және аймақтық базарларға рейд жасады. 

 Осы іс-шаралар кезінде Талдықорған қаласының тұрғыны «Түбіртекті талап ет те - жүлдені ұтып ал!» акциясы аясында 1000 теңге көлеміндегі жедел сыйлыққа ие болды.

 Акцияға онлайн режимінде фискалды тексеру деректерін ұсыну арқылы өнімді, жұмысты немесе қызметті сатып алуды растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алатындығын естеріңізге саламыз.  Түбіртекті жібергеннен кейін, қатысушының 5000 теңгеге дейін қаражатты алу мүмкіндігі бар.  Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды.  Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік ұтыс ойынына қатысады.

 Естеріңізге сала кетейік, науқанға қатысу үшін KKM онлайн-тексеру ағымдағы жылдың 21 тамызы мен 30 қараша аралығында жүзеге асырылады.