
Көлік салығын уақытылы төлеңіз!
Алматы облысында мемлекеттік кірістер органдары мен жеке сот орындаушыларының бірлескен рейдтері жалғасуда.
Қазан айының басында Ұйғыр ауданы бойынша МКБ жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық берешегін өндіріп алу мақсатында рейд жүргізді.
Аудандық МКБ бас маманы К. И. Шавдинов және ЖСО Р. Т. Мурсалимова бірлескен іс-шаралар өткізді. Рейд барысында 4 жеке тұлғаның берешегі өтелді және бюджетке 75 мың теңге көлемінде сома түсті, сондай-ақ 11 жеке тұлғаға 378 мың теңге сомасына салық берешегі туралы хабарлама берілді.
Барлық салық төлеушілерді салықты уақтылы төлеуге шақырамыз.
Алматы облысы бойынша МКД