Date of publication: 04.10.2019 17:49
Date of changing: 04.10.2019 17:50

Ұсталған (контрабандалық) тауарларды жою

          Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті уақытша сақтауға орналастырылған ұсталған (контрабандалық) тауарларды түгендеу бойынша Департамент жүргізген іс-шаралар нәтижесінде әкелуге тыйым салынған және жойылуға жататын 36 тонна жүк анықталғанын хабарлайды, олардың құны алдын ала есептеу бойынша 42 миллион теңгені құрады. Олар бойынша оларды жою туралы шешім қабылданды.

         Олардың басым бөлігі -  тыйым салынған медициналық тауарлар мен бензилпенициллин, "ДИНГУА-ГУА", "JETHEWKS" сияқты дәрілік заттар, сондай-ақ контрабандалық жолмен әкелінген сигареттер жойылуға жатады.     Қазіргі уақытта 04.10.2019 ж. бастап Департамент "Kazakh Terminal Zharkent" ЖШС УСҚ-мен бірлесіп, белгіленген регламентті сақтау және табиғат қорғау іс-шараларын орындау кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы негізінде ұсталған тауарларды жою бойынша жұмыс жүргізуде.

- ЖШС "KazRecycling" мекен-жайы: Алматы қ., Қазыбаев көшесі 272 В;

- ЖШС "Эгида медициналық орталығы" мекен-жайы: Алматы қ., Алғабас 126.