
Виртуалды қойма-бұл не?
Виртуалды қойма - автоматты режимде тауарларды өткізуді бақылауға арналған АЖ жүйесінің жаңа модулі.
Жаңа модульдің көмегімен мемлекеттік органдар онлайн режимінде мүдделі тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуі немесе ел аумағында өндірілуі кезінде және оларды есептен шығару, сату және өзге де істен шығару сәтіне дейін олардың қозғалысын бақылай алады. Салық төлеушілер үшін осы тауарлар бойынша олармен барлық операцияларды Виртуалды қойма серверінде тіркеу қажет.
ЭШФ АЖ тіркелген пайдаланушылар үшін жаңа модульмен жұмыс істеу үшін жеке тіркеу талап етілмейді. Жаңа порталға қолжетімділікті электрондық шот-фактуралар жүйесінде жұмыс істейтін сол кілтті және сол парольді пайдалана отырып алуға болады.