Date of publication: 03.10.2019 16:51
Date of changing: 03.10.2019 17:00

2019 жылы онлайн кассалық аппараттарды қолдану туралы

Алматы облысы бойынша МКД 2018 жылғы 23 желтоқсаннан бастап ақшалай есеп айырысу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану туралы Қаржы министрінің бұйрығы күшіне енгенін хабарлайды. Онлайн-бақылау-кассалық машиналарды қолдануға толық көшу 2019 жылы аяқталуы тиіс.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолдану керек адамдардың тізімі тоқсан сайын бекітілді.

 Барлығы 633 қызмет түрі келесі мерзімде БКМ қоюы тиіс оның ішінде :

2019 жылғы 1 сәуірден бастап 323 қызмет түрі;

2019 жылғы 1 шілдеден бастап 86 қызмет түрі;

2019 жылғы 1 қазаннан бастап 224 қызмет түрі.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талаптар жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ аумақтарда жұмыс істейтін салық төлеушілерге қолданылмайды.

Бұл ретте Қаржы министрінің бұйрығы салық төлеушілерге онлайн режиміндегі БКМ-ды қолдануға міндетті болатын қызмет түрлерін ғана анықтайды. БКМ-ды қолдану тәртібі салық кодексінің 166-бабында реттеледі.

Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолданумен жүзеге асырылады.