МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫ ДЕМАЛЫС КҮНІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жыл үшін жеке тұлғалардың жер және мүлік салығы бойынша төлеу мерзімі келуіне байланысты (2019 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей) 2019 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 09-00 ден 18-30 ға дейін анықтамалық ақпаратты 1414 Байланыс орталығының тегін телефон нөмірі бойынша және https://kgd.gov.kz/sites/default/files/svod_operatorov_po_ugd_25_09_2019_1.xlsx
сілтемесі бойынша орналасқан байланыс телефондары бойынша алуыңызға болады.
Сондай-ақ, салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алатынын еске саламыз.