
Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті
2019 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес мүшелері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.
Жиынға «Қайнар АКБ» ЖШС бас бухгалтері Ш.Б.Қожақова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Алматы облысы бойынша филиалының өкілі Нугманова А., «ТАТЭК» АҚ бас бухгалтері Төлеуғалиқызы Ш. белсене қатысты.
Мемлекет басшысы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, дамыған және инклюзивтік экономиканы құруға, халықты әлеуметтік қамтамасыз етуді жаңғыртуға, сондай-ақ өңірлерді нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.
Консультативтік кеңес отырысының қорытындысы бойынша салық және кедендік заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.