
«Алдын-ала сыныптамалық шешімдерді беру» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету «Астана – 1» АЖ-де электрондық түрде көшуі туралы
«Астана – 1» АЖ-де «алдын-ала сыныптамалық шешімдерді беру» модулін (бұдан әрі – Модуль) енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберінде оны әзірлеу жөніндегі іс-шаралар аяқталды, қазіргі уақытта Модуль «Астана-1» АЖ жұмыс серверіне енгізілді.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оңтайландыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесін түрлендіру мақсатында қызметтерді электрондық түрде ұсыну қажет, осыған байланысты модуль 2019 жылғы 28 мамырдан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
«Астана-1» АЖ-де шешім қабылдауға СЭҚ жүгінген кезде осы қызметті қағаз тасығышта қайталай отырып, «Астана-1» АЖ-де көрсету қажет.