
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Баспасөз релизі
Тақырыптық тексеру барысында фактілер анықталды
Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау, айналым фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Қорғас ШЫХО аумағына барды.
"Казлюмир" сауда орталығында тақырыптық тексеру барысында алкоголь өнімдерін лицензиясыз және ілеспе жүкқұжатсыз сақтау және өткізу фактісі анықталды, бұл Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» заңының 9-бабы 5-тармағы және 9-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы бойынша құқық бұзушылық болып табылады.
Мұндай іс-әрекеттерді жасағаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 282-бабының 3-бөлігі 7-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша және кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз, рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қазіргі таңда акт жасалып, 4 181 268 теңгеге 273 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде және аталған іс бойынша материалдар тиісті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сот органдарына берілді.
Алматы облысы бойынша МКД