
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Баспасөз релизі
Тақырыптық тексеру барысында фактілер анықталды
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тақырыптық тексеру барысында Қорғас ШЫХО сауда үйлерінің бірінен белгіленбеген үлгідегі акциздік маркалармен алкоголь өнімдерін сақтау фактісін, сонымен қатар Қытай өндірісінің темекі өнімдерін сату фактісін анықтады.
Қазіргі уақытта тексеру актісі жасалып, акциз маркаларсыз және белгіленбеген өндірушісіз темекі өнімдері ұсталып, жалпы саны 13885 қорап және тауардың болжамды құны 5 330 070 теңгені құрады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде және келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдануда.
Алматы облысы бойынша МКД