
2019 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы «Таза бейсенбі» атты сенбілікке белсенді қатысты.
Экологиялық тазалық мақсатында Департамент ғимаратының кабинеттері, дәліздері мен іргелес аумақтарын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық тазалық аясында бір ай көлемінде «Бүгін – Департамент, ал ертең – барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары» атты сенбіліктер жалғасады.
Департамент белсенділері «Таза бейсенбі» атты экологиялық айлық жариялады. Акция барысында Департамент және барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары әр бейсенбі күндері сенбілік өткізеді.
Бүгін Департамент қызметкерлері аумақты абаттандыру жөнінде жұмыс жүргізіп, жайлы және таза қалалық орта құруға ықпал етті.