
2019 жылдың 16 қыркүйегінде облыс әкімдігінде облыс әкімі А.Ғ. Баталовтың төрағалығымен Алматы облысының мемлекеттік және уәкілетті органдарының қатысуымен кеңес өтті.
Аталған кеңеске Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т. Қ.Сарсембаев қатысып, "2019 жылға Алматы облысының жергілікті бюджетіне түсетін қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы" баяндама жасады.
Сөз сөйлеу барысында Мемлекеттік кірістер басқармаларының, уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылдары нәтижесінде өндірілуі мүмкін қосымша резервтерді анықтау бойынша өзекті мәселелер көтерілді.
Көші-қон полициясы басқармасы ұсынған мәліметтер бойынша еңбек мигранттарының мәселелері; ауыл шаруашылығы басқармасының субсидияланатын тұлғалар бойынша мәліметтері; еңбек инспекциясымен және статистика органдарымен жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша бірлескен түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері; Алматы облысының аудандары мен қалаларында сыртқы жарнама объектілерін түгендеу қажеттілігі, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге салық салу мәселесі көтерілді, сонымен қатар облыс аумағында көші-қон полициясының ресми деректері бойынша 2019 жылы тек Өзбекстан Республикасынан келген 155,2 мың шетел азаматтары тіркелген.
Талқыланған мәселелердің бірі полиция департаментімен салынған және өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдарды әкімшілендіру, сондай-ақ оларды өндіріп алу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу мәселесі болды.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық уәкілетті органдарға жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын арттыру бойынша пәрменді шаралар қабылдауға тиісті тапсырмалар берді.
Алматы облысы бойынша МКД