Date of publication: 18.09.2019 17:37
Date of changing: 18.09.2019 17:40

Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Баспасөз релизі

 

«Шекара маңы Халықаралық Ыңтымақтастық Орталығы Қорғас» бақылау-өткізу пунктінде  аса ірі көлемде қымбат бағалы құндыз тондар ұсталынды

 

         2019 жылдың 17 қыркүйегінде Шекара маңы Халықаралық Ыңтымақтастық  Орталығы  «Қорғас»  Бақылау  өткізу  пунктінде «Алтынкөл» кеден   бекетінің   қызметкерлері  және шекара қызметкерлерімен бірлесе отырып, декларацияланбаған ірі көлемде қымбат бағалы құндыз терілерінен тігілген 61 дана тондарды ұстады.

Ұсталған тондардың жалпы салмағы 107 кг., ал кедендік құны 12 140 000 теңгені құрады. Сонымен қатар төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 2 900 000 теңгені құрады.

         Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша осы іске қатысты адамдарды тиісті Заң талаптары бойынша жауапкершілікке тарту және кедендік төлемдерді өндіру мәселесі қарастырылуда.

                                                            Алматы  облысы бойынша МКД