Date of publication: 17.09.2019 18:03
Date of changing: 17.09.2019 18:04

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев Мемлекет басшысының «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылау жөнінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жиналыс өткізді.

         Жиналыс барысында Жолдаудан туындайтын мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған міндеттерді сапалы және уақытылы орындау туралы айтылды.

         Сонымен қатар, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін одан әрі көбейту қажеттілігіне және олардың көрсету сапасын жақсартуға ерекше көңіл аударды.

         Сонымен бірге, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу ережесі туралы түсіндірме берілді.

         Бұдан бөлек, Мемлекеттік қызметшілер, әсіресе бақылаушы органдарда қызмет атқаратын мамандар бизнес-қоғамдастықпен қарым-қатынаста этикалық нормалар мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қандай да бір бұзушылығын заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру немесе біреудің мүдделерін жақтауға жасалған талпыныс ретінде бағалануы мүмкін екендігін нақты түсіну қажетілігін атап өтті.

         Соңында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Тулеген Сарсембаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевқа мазмұнды баяндамасына және қатысушыларға  алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.