Date of publication: 12.09.2019 18:14
Date of changing: 13.09.2019 09:15

"Қорғас" ШЫХО бақылау өткізу пунктінде декларацияланбаған темекі өнімдерінің ірі партиясы ұсталды

 

2019 жылдың 10-11 қыркүйек аралығында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қорғас» "ШЫХО" өткізу пунктінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің 2088 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында белгіленген нысанда декларацияланбаған акциздік маркаларсыз Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына келетін темекі өнімдерінің ірі партиясы ұсталды.

Жүргізілген кедендік тексеру нәтижесінде темекі өнімдері, жалпы салмағы 190 килограмм 922 блок (9 200 қорап) санындағы әртүрлі маркалы атап айтқанда, (Oris, Esse, Gold Seal, Milano, Platinum) темекі өнімдері анықталды.

Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы зерттеліп, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталады. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар,  қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.