
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Баспасөз релизі
Құжаттары жоқ 14 тоннадан аса АИ-92 бензинін тасымалдаған автомашинасы ұсталды
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департанментінің, Іле ауданы бойынша МКБ-ның және Іле ауданының жергілікті полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген бірлескен тексеру барысында,,Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылының Боролдай-Шелеккемір тас жолында АИ-92 бензинін 14,729 тонна жалпы соммасы 2700000 теңгеге мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжатсыз тасымалдаған Камаз 5410 маркалы автомашинасы усталды. Бұл ҚР "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" ҚР 2011 жылғы 20 шілдедегі №463-IV Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес құқық бұзушылық болып табылады.
Аталған құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК 281 бабының 5 бөлігінің 2 тармағы бойынша айыпұл және мұнай өнімдерін тәркілеу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы іске байланысты әкімшілік құқық бұзушылық мәлімет Іле аудандық сотына қарау және шешім қабылдау үшін жіберілді.
Алматы облысы бойынша МКД