
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Баспасөз релизі
Мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжаттары жоқ дизельді отынды тасымалдаған автомашинасы ұсталды
Алматы облысы бойынша Мемлеккетік кірістер департаментінің қызеткерлерімен және Талғар ауданының жергілікті полиция басқармасымен Алматы облысы Талғар аудананың Бесағаш кенттінде Алматы-Талғар тас жолының 9 шақырымында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау бойынша жургізілген бірлескен тексеру барысында құжатсыз жалпы сомасы 800190 теңге тұратын 4707 литр дизельді отынды тасымалдаған ГАЗ-53 маркалы автомашинасы ұсталды.
Бұл ҚР "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" ҚР 2011 жылғы 20 шілдедегі №463-IV Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес құқық бұзушылық болып табылады.
Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК 281 бабының 5 бөлігінің 2 тармағына сәйкес айыппұл және мұнай өнімдерін тәркілеу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы іске байланысты әкімшілік құқық бұзушылық мәлімет Талғар аудандық сотына шешім қабылдау үшін жіберілді.
Алматы облысы бойынша МКД