Date of publication: 09.08.2019 18:27
Date of changing: 12.08.2019 09:54

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 5 жыл толуына орай Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен «Болашақ» стадионында спорттық сайыс өтті. Бірнеше спорт түрлерін қамтыған сайыс  Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында болды. Салтанатты жиында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің орынбасары Данияр Нұрланұлы Мәулетов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спартакиадаға қонақ болған Алматы облысының Дене шынықтыру және Спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаевта ізгі ниетін білдірді. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар төменгідей бөлінді:

Шағын футболдан:

I орын - Достық құрамасы (Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «Достық» кеден бекеті.)

II орын - Жетісу құрамасы (Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «Алтынкөл»  кеден бекеті)

III  орын - Жаркент құрамасы («Нұр жолы» кеден бекеті, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы)

Үстел теннисінен ерлер арасында:

I орын - Сыздықов Марат («Нұр жолы» кеден бекетінің  бас маманы)

II орын - Кибираев Айбол (Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы)

III орын -Садуақасов Қайрат (Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы)

Үстел теннисінен  әйелдер арасында:

I орын - Ахметжанова Жұлдыз (Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы)

II орын - Қойайдарова Жанар (Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы)

III орын - Әлімбаева Ардақ (Көксу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы)

Бильярдтан:

I орын - Сұлтанбеков Көпжасар (Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы)

II орын - Байшигашев Болат (Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы)

III орын - Жұмағұлов Нұрлан («Нұр жолы» кеден бекетінің бас маманы)

Шахматтан:

I орын - Зауренбеков Өмірсерік («Достық» кеден бекеті басшысының орынбасары)

II орын - Важитов Руслан (Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы)

III орын - Ушбаев Малик (Қапшағай қаласының мемлекеттік басқармасының бөлім басшысы)

Шағын футбол бойынша арнайы  номинациялары:

Ең үздік қорғаушы -  Жадранов Шыңғыс («Достық» кедені жетекші маманы)

Ең үздік қақпашы – Сақанов Алтай («Алтынкөл» кеден бекетінің жетекші маманы)

Ең үздік шабуылдаушы – Түстебаев Құлжабек («Нұр жолы» кеден бекетінің бас маманы