Date of publication: 07.08.2019 17:44
Date of changing: 07.08.2019 17:46

2019 жылдың 9-шы тамыз күні сағат 11:00 де Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 5 жыл толуына орай «Болашақ» стадионында спорттық сайыс өтеді. Бірнеше спорт түрлерін қамтитын сайыс Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында болады.

Спартакиада келесі  спорт түрлері бойынша өтеді:

  • Шағын футбол («Болашақ» стадионы)
  • Үстел теннисі («Жастар» спорт комплексі)
  • Бильярд («Жастар» спорт комплексі)
  • Шахмат («Жастар» спорт комплексі)