Date of publication: 07.08.2019 09:47
Date of changing: 07.08.2019 09:51

2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында 5 136 шағын және орта бизнес субъектілеріне жалпы сомасы 532,2 млн.теңгеге салықтар бойынша бересіні өтеді, олардың 106,9 млн. теңге сомасына өсім және 22,0 млн. теңге айыппұл сомалары есептен шығарылды.

 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енді.

Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылдың 01 қазаны жағдайына 5 176,0 млн. теңге салық берешегі бар 9 608 шағын және орта бизнес субъектілері салықтық рақымшылыққа жатады.

Есептен шығарылатын өсімпұлдардың жалпы сомасы - 1 507,9 млн. теңге, айыппұлдар - 102,7 млн. теңге, ол 3 565,4 млн. теңге сомасында негізгі қарызды төлеу шартында есептен шығарылады.

2019 жылдың 01 тамызы жағдайына 5 136 салық төлеуші ​​2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 532,2 млн. теңге бересіні өтеп,  106,9 млн. теңге сомасына өсімпұлдар және 22,0 млн. теңге айыппұлдар есептен шығарылды.

Сондай-ақ, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары салық төлеушілермен негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылатындығы туралы тұрақты түрде сұхбат жүргізеді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-1 бабының нормаларын түсіндіреді.

Салықтық амнистия үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасатынына назар аударамыз, осыған байланысты шағын және орта бизнес субъектілеріне жинақталған қарыздарынан құтылу мүмкіндігі және мемлекеттік кіріс органдары салған барлық шектеулерді жою мүмкіндігі бар екендігі туралы еске саламыз.