
29.07.2019 жылы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2019 жылдың 1-жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысын шығару және ағымдағы жылдың соңына дейінгі міндеттер бойынша кеңесі өтті
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т. Сәрсембаев Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларымен 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары және ағымдағы жылдың соңына дейінгі міндеттер бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында болжамдық көрсеткіштердің ағымдағы орындалуы, қосымша резервтерді іздестіру бойынша жұмыстар, кеден бекеттерінің қызметін кедендік әкімшілендіру, республика аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны мәселелері талқыланды, мемлекеттік кірістер аумақтық басқармаларының қызметіне рейтингтік баға берілді. Басшылардың назарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және осы бағыттағы жұмысты жандандыру бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуге аударды.
Сондай-ақ мемлекеттік органдарда құпиялылық режимін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды.
Жалпы, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жоспар 103,8% - ға орындалды және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің 32,3% - ға немесе 55,7 млрд.теңгеге артық өсуі қамтамасыз етілді. 2018ж. 1 жарты жылдығы-172,6 млрд. теңге, 2019ж.1 жарты жылдығы – 228,4 млрд. теңге).
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді және мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың өзектілігін ескере отырып, электрондық түрде қызмет көрсету үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 874 330 қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық түрде 776 085 немесе 88,5%.
Онлайн-БКМ енгізу бойынша жұмыс ерекше бақылауға қойылды. Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 8 694 онлайн-БКМ есепке қойылды. Жалпы облыс бойынша онлайн-БКМ қамту үлесі тіркелген машиналардың жалпы санынан 70,9% құрады.
Өнім берушілер мен сатып алушылар арасындағы өзара есеп айырысу бойынша кірістерді толық көрсету мақсатында электрондық-шот фактуралар (ЭШФ) төлеушілер ретінде есепке қою және олардың уақтылы жазылуы бойынша жұмыс жүргізіледі. 01.07.2019 ж. ЭШФ АЖ-де барлығы 21 465 СТ тіркелген, оның ішінде 3 867 ҚҚС төлеушілер.
ЭШФ төлеушілерді камералдық бақылау нәтижелері бойынша 91,8 млн.теңге, оның ішінде тірі ақшамен 56,8 млн. теңге өндірілді. Бұдан басқа, 17,4 млрд.теңге сомасына 177 ЭШФ төлеуші бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде ҚҚС1,8 млрд. теңге сомасына. Бұл ретте, бұзушылықтардың негізгі түрлері: ЭШФ жазып бермеу, ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрмайтын салық төлеушілерді анықтау, бұл ретте айналым минимумынан асатын сомаға импортты жүзеге асырған, яғни АЕК 30 000 еселенген мөлшері, СЭҚ қатысушыларының ірі сомаларға ЭШФ жазып беруі, тез бұзылатын тауарларды импорттаушылардың ЭШФ жазып бермеуі.
Ағымдағы жылдың 6 айында автоматтандырылған және қолмен камералдық бақылау шеңберінде 13 638,6 млн. теңге сомасына 2 247 хабарлама шығарылды, оның ішінде 4 054,8 млн. теңгеге бұзушылықтар расталды және 1 887,8 млн. теңгеге немесе 46,6% "тірі" ақшамен өндіріп алынды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 1,9 есеге артық.
Ағымдағы кезеңде 25 кедендік тексеру жүргізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 тексеруге артық. Соның ішінде 19,1 млн. теңге немесе 3,7% өндіріп алынды, өткен жылы 16,1 млн.теңге өндіріп алынды.
2019 жылдың 1 жартыжылдығында тауарларға ресімделген декларациялардың жалпы саны 13 804 (2018 жылы-5 643) құрады.
Есепті кезеңде ИМ-40 процедурасы бойынша ресімделген импорттық тауарлардың жалпы салмағы 426,045 мың тоннаны құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе артты (2018 жылы – 180,661 мың тонна). Импортталған тауарлардың құны 1 030 млн. АҚШ долл. (2018 жылы – 331,7 млн. АҚШ долл.), импорт көлемін өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайту.
Кеңес қорытындысы бойынша Т. Сәрсембаев бюджетті атқару бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.