Date of publication: 03.07.2019 17:43
Date of changing: 03.07.2019 17:43

        2019 жылы адвокат қызметіне салық салу тәртібі

         Адвокат-жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және "Адвокаттық қызмет туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін жеке тұлғалар "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылатын өтініш негізінде жеке практикамен айналысатын адам ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне тұруға тиіс.

Салық кодексінің 336 бабына сәйкес  жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатордың қоса алғанда, тиісінше төлеуге заң көмегін көрсеткені және нотариаттық іс-әрекеттер жасауға, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалардың жүзеге асыраудан алынатын барлық табыстар алынады.

       2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық Кодексінің 364-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табысты айқындау үшін, егер олар адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түскен табысты алуға байланысты жүргізілсе, құжаттық расталса және адвокаттың салық тіркелімдерінде көрсетілсе, кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.

Кәсіби шегерімдер жалдау бойынша, кеңсе құралдарын сатып алуға, жалақы бойынша, амортизациялық аударымдар, банктік, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне, мүшелік жарналар, іссапар шығыстарын, бюджетке төленген салықтар мен төлемдерді, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстарды қамтиды.

        Салық кодексінің 320 бабының 1 тармағына сәйкес адвокаттардың табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

Сонымен қатар әлеуметтік салық республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш өзіне, 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш  әрбір қызметкер үшін есептеледі.

       2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2525  теңгені құрайды, яғни өзі үшін әлеуметтік салық 5050 теңге, жұмысшысына  2525 теңге.

 
 

       "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы "Қазақстан Республикасының 21.06.2013 №105-V заңының 25-бабының 1-тармағына және" міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы " Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-II Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес адвокаттың алатын табысына 10% ставка бойынша зейнетақы жарналары және 3,5% ставка бойынша әлеуметтік аударымдар салынады.

         Айта кету керек, ставка зейнетақы жарнасының адвокаттар үшін, мөлшері алынатын табыстан 10 пайыз алынады, бірақта  ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 пайызынан кем болмау керек және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда есептелетін, салық кезеңінің әрбір айы үшін 75 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 пайыздан  жоғары емес болу керек (п. 4 ст. 25-Бабы).

        "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес (2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) өз қызметкерлері үшін есептеу объектісінің 1,5 пайызы мөлшерінде аударым жасайды.