Date of publication: 01.07.2019 18:21
Date of changing: 01.07.2019 18:34

үбіртекті талап ет – сыйлық ұтып ал!" акциясы жалғасуда

Бұған дейін хабарланғандай, 2019 жылдың 1 мамырынан бастап "Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" жалпы республикалық акциясы басталды", ол 2019 жылдың 8 тамызына дейін жалғасады.  Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақтелеком" АҚ фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.

Оны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Ағымдағы жылы акция "100 күн 100 смартфон" ұранымен өтуде. Қатысушылар арасында күн сайын акция өткізу кезеңінде 100 смартфон ойнатылады.

Акцияны өткізу кезінде елдің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет көрсету арқылы смартфонның иесі болуға мүмкіндік алады.

01.07.2019 жылғы жағдай бойынша Алматы облысының (Іле және Сарқанд аудандарының) 2 тұрғыны Apple Iphone 7 смартфонына ие болды. Олар " Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" республикалық акциясына қатысты.

Акцияға қатысушы болу үшін Play Market немесе App Store-ға "Таңдау" мобильді қосымшасын жүктеу және орнату қажет .

"Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" кең ауқымды республикалық акциясына қатысуға Қазақстанның 18 жастан асқан барлық азаматтары кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде БКМ чектерін алған мүмкіндік алады. Тауарларды, жұмыстарды және Қызметтерді төлеу үшін түбіртектерді "Таңдау"мобильдік қосымшасында тіркеу және сақтау қажет. Акцияларға онлайн KKM қолданумен жасалған фискалдық түбіртектер қатысады.

Жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.

Жеңімпаздарға жүлделерді беру ұтыс нәтижелері бойынша жеңімпаз анықталған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Акция шарттары бойынша түбіртектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Күн сайын акцияға қатысушы бір күн ішінде бір фискалдық аппараттан 10 чек ғана жүктей алады. Бұл ретте бір қатысушы тіркейтін түбіртектер саны шектелмейді.

Түбіртекті тіркеу кезінде қатысушы 5 негізгі деректеме: күні, уақыты, фискалдық белгісі, БКМ КГД коды, сомасы енгізілуі тиіс.

Сондай-ақ түбіртекті жіберу кезінде акцияға қатысуға келісім қабылдануы тиіс.

Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын www.trebui.kz акция сайтынан көруге болады.