Date of publication: 28.06.2019 18:35
Date of changing: 28.06.2019 18:38

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары - бұл жаңалықтардың басты көзі.

Қазіргі заманғы әлемді ақпаратсыз елестету өте қиын, сондықтан бүгін біз теледидар мен радио қызметкерлеріне, баспасөз басылымдарына - біздің ақпараттық әлемді бай әрі қанықты етіп жасайтындарға құрмет көрсетеміз.

Департамент басшысының м.а. Т. Сәрсембаев бастаған Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы салтанатты түрде 2019 жылдың 28 маусымында жетекші облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.

Департамент басшысының м.а. Т. Сәрсембаев қонақтардың алдында сөз сөйлеп, қонақтарды кәсіби мерекемен құттықтап, өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

"Сіздің баспасөз басылымдарыңыздың беттерінде, телехабарларда Мемлекеттік кіріс органдарының қызметі, салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша түсіндіру сипатындағы ақпарат көрсетіледі. Сіз жаңалықтардың басты көзі және Сіз қоғамдық пікірді қалыптастыруда үлкен рөл атқарасыз, - деп атап өтті Департамент басшысының м.а. Т. Сәрсембаев.

БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.