Date of publication: 28.06.2019 15:34
Date of changing: 28.06.2019 15:56

           

           Мемлекеттік кірістер басқармасының республикалық және жергілікті бюджет бойынша түсім жоспарын сапалы орындауды қамтамасыз ету басты міндеті болып табылады.

           Талғар ауданы бойынша бойынша 2019 жылғы 24 маусымға мемлекеттік  бюджетке  жалпы болжам  тұсында межеленген  соммасы  23  507  171,0  мың теңгенің орнына бюджетке  нақтылы  23 908 138,1 мың теңге түсіп,жалпы болжам көрсеткіші  101,7 % орындалды немесе бюджетке артық түскені 400 967,1 мың теңге.  

           Республикалық бюджет бойынша  2019 жылғы 24 маусымға жалпы болжам  тұсында межеленген  соммасы  18 821 037,0  мың теңгенің орнына бюджетке  нақтылы 19 334 627,0 мың теңге түсіп,жалпы болжам көрсеткіші  102,7 % орындалды немесе бюджетке артық түскені 513 589,8 мың теңге.

           Жергілікті бюджет бойынша 2019 жылғы 24 маусымға жалпы болжам  тұсында межеленген  соммасы 4 686 134,0  мың теңгенің орнына бюджетке  нақтылы 4 573 511,3 мың теңге түсіп,жалпы болжам көрсеткіші 97,6% орындалды немесе бюджетке кем  түскені 112 622,7 мың теңге. Күтілетін түсімді қосқанда жергілікті бюджет бойынша жарты жылдық болжам толығымен орындалады.

Жеке тұлғаларды әкімшілендіру бойынша            

           Елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы бойынша 2019 жылғы 24 маусымға берілген жоспар  30 332,0 мың теңге, нақтылай түскені  45 348,2 мың теңге,  орындалуы  149,5%, артық түскені   15 016,2  мың теңге.

           Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салығы бойынша  2019 жылғы 24 маусымға берілген жоспар 14 394,0 мың теңге, нақтылай түскені  14 267,4 мың теңге,  орындалуы  99,1% , кем түскені 126,6  мың теңге.

           Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша 2019 жылғы 24 маусымға берілген жоспар 250 476,0 мың теңге, нақтылай түскені  321 941,3 мың теңге,  орындалуы  128,5% , артық түскені  71 465,3  мың теңге.

           Жеке тұлғаларға 509 693 мың теңгеге 22 746 хабарландыру  жолданды, оның ішінде 195 896,0 мың теңгеге 8060 хабарландыру орындалды. 149 553,0  мың теңгеге  3363 салық бұйрығы шығарылды, оның ішінде 10 718,0 мың теңгеге 276 салық бұрығы орындалды.

Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бойынша

            2019 жылғы 24 маусым қорытындысы бойынша  6 рейдтік тексеру жүргізді, 15 салық төлеушіге әкімшілік іс қозғалды, құқық бұзушылықтар жойылды.

 «Жол қатынастар мен жолаушы тасымалдау» ММ бөлімімен және жергілікті полиция өкілдерімен бірлесіп рейд жүргізіліп 129 жеке тұлға салық органына жолаушы тасымалдау (такси) қызметі бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрғызылды.

          Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына сенім телефон арқылы келіп түскен өтініштер қаралып,  3 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бойынша

             2019 жылғы 24 маусымға әкімшілендіру тәртібімен қосымша қорларды іздестіру арқылы 93 салық төлеушіден 148 539,1 мың теңге салық түсті.

             Меморандумға сәйкес әділет басқармасымен бірге ауданымызға өзге өңірлерден ауысатын заңды тұлғаларға (әрекетсіз мекемелер, қарыздары бар мекемелер) ауыспауына ықпал жасау, әңгімелесу жұмыстарын жүргізілуде.

Жанама салықтарды әкімшілендіру бойынша

Қазақстан Республикасында өндірілген спирттің барлық тұрлері және шарап материалдары, алкоголді өнімдер салығы бойынша 2019 жылғы 24 маусымға берілген жоспар 260 000,0 мың теңге, нақтылай түскені  197 911,9 мың теңге,  орындалуы  76,1% , кем түскені   62 088,1  мың теңге.

 Алкоголді өнімдер бойынша 24 тексеріс жүргізіліп, сот органына 42 әкімшілік іс жіберілді. Оның ішінде 34 әкімшілік іс бойынша  3 797, 4 мың теңге айыппұл салынды, 29 әкімшілік іс бойынша 3 229, 3 мың теңге өндірілді, 5 әкімшілік іс бойынша 568, 1 теңге өндірілуде, 8 әкімшілік іс қарастырылуда. 3 678,1 литрді құрайтын   010 бөтелке алкогольді өнімдер тәркіленді. 1160 дана сигарет тәркіленді.

  Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы бойынша  2019 жылғы 24 маусымға берілген жоспар  2 150 455,0 мың теңге, нақтылай түскені  2 399 276,4 мың теңге,  орындалуы 111,6% , артық түскені 248 821,4 мың теңге.

           Салық түсімдерінің уақытылы және толығымен түсуін қамтамасыз ету  мақсатында аудан көлемінде жұмыс жасайтын салық төлеушілерден әр салық түрлеріне сәйкес Қосымша құн салығы бойынша, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, кедендік төлемдер бойынша мақсатты топтар құрылып, сол салық төлеушілердің жұмыстарына талдау жасалынып, үнемі бақылауға алынып отырады.  

Салық берешегі бойынша

             Барлық борышкерлерге қатысты мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары күнделікті қолданылады. 2019 жылғы 24 маусымға салық берешегі бойынша 11 121,0 мың теңге қосымша қор өндірілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

          Есепті кезеңде 70436 мемлекеттік қызмет  көрсетілді. Оның ішінде 66 017 электронды түрде, 3454 қағаз жүзінде, 965  «Электронды үкімет»  мемлекеттік корпорациясы арқылы. Электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлес салмағы 97,2%. Электронды кілттер бойынша (электронды өзара әрекеттесу, сонымен қатар, «Электронды үкімет»  мемлекеттік корпорация ЭЦК жұмыс істемеуіне байланысты) 1454 өтініш өңделді. 2019 жылғы 24 маусымға Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2642 заңды тұлға, 8834  жеке кәсіпкер, 1988 шаруа қожалығы тіркелген.

Әкімшілік істер бойынша

            2019 жылғы 24 маусымға барлығы 801 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 709 әкімшілік іс бойынша ескерту қолданылды, 49 әкімшілік іс бойынша сомасы 1 713, 4 мың теңге айыппұл салынды. Оның ішінде 18 әкімшілік іс бойынша сомасы  856,7 мың теңге өндірілді, 17 әкімшілік іс бойынша сомасы 566, 3 мың теңге мәжбүрлеп өндіруге жіберілді.

             Сонымен қатар ерікті төлеу үшін хабарламалар толтырылды барлығы 155 іс сомасы 5 640, 4 мың теңге, 142 іс бойынша сомасы 5 261,7 мың теңге өндірілді, 13 іс бойынша 378, 8 теңге (ерікті төлем мерзімі аяқталмады).

Түсіндіру жұмыстары бойынша

           Салық төлеушілерге салықтық, әкімшілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде. «Атамекен» қоғамдық бірлестігімен, уәкілетті органдардың өкілдерінің қатысуымен 40 семинар, дөңгелек үстелдер, ашық  есіктер күні өткізілді және бұқаралық ақпарат құралдарында, Талғар ауданы әкімдігінің ресми сайтында 127 мақалалар жарияланды.

 
    Талғар ауданы бойынша МКБ басшысы                          А.А.Мулкибеков